№8 жалпы білім беретін мектебінде 2021 жылдың 05-сәуірі күні қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы ғалым, ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсаринге арналған сынып сағаттары өткізілді. Қазақ даласында білімнің шырағын жаққан Ыбырай Алтынсарин бар ғұмырын қазақ балаларын оқыту жолында өткізген. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, ана тілімізде оқулық жазған. Қазақ жастары арасында білім беруді дамытудың маңыздылығын Алтынсарин өзінің басқа да көптеген шығармаларында сипаттаған. Ы. Алтынсариннің шығармалары бүгінгі күнге дейін заманауи білім беру жүйесінің негізі болып табылады. Жазушының адамгершілік туралы идеялары эстетикалық тәрбиемен байланыста, бірімен-бірі ұштастырыла суреттеліп отырады. Қазақ даласына азаттық идеясы тарай бастаған тұста жаңа поэзияның бастаушысы, білімнің көшбасшысы, алғашқы ұстазы болып Ыбырай Алтынсарин қашан да тарих биігінде тұра берері хақ. Ұлт ұстазы біздің тарихымызда өшпес із қалдырды. Сынып жетекшілер жазушы арманын болашағына нық сеніммен қарайтын білімді жастар екенін оқушыларға жеткізуге тырысты.