«Жасөспірімнің құқықтары мен міндеттері»
Қарағанды облысының білім басқармасы,Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу –әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Құқықтық новигатор» апталығында 9 сыныптарда «Жасөспірімнің құқықтары мен міндеттері»тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Бұл жерде оқушы заң және құқықтық мәдениет ұғымын шатастырмау керек. Құқықтық мәдениет оқушыдан жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді.Сондықтан шара барысында мұғалімдер баланың құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін нығайта отырып, құқықтық сананы қалыптастыруға , заңды құрметтеуге, ата Заң талаптарын орындау керектігін түсіндірді.