«Құқықтық навигатор» атты құқықтық сауаттылықты дамыту
Қарағанды облысы білім басқармасы ның Балқаш қаласы білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебінде "Зейін" жобасы аясында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Құқықтық навигатор» атты құқықтық сауаттылықты дамыту апталығында «Жасөспірім және заң» тақырыбында оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, жасөспірімдердің қылмыстылығының қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру мақсатында 2021 жылдың 8-ақпан күні 8 А сынып оқушыларымен «Жасөспірім және заң» тақырыбында сынып сағаты өтті. Жасөспірімдердің арасында жиі кездесетін қылмыс түрлері? Жастарды қылмысқа итермелейтін не? Жасөспірімдер қылмысы мен тәртіпсіздігі неден бастау алады? және т.б. сұрақтарға оқушылармен біріге отырып жауаптар айтылды. Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау; өйткені заң дегеніміз – өмірдің нәрі; заңның мықтылығы атында емес, адалдығы мен әділдігінде, заңның ең басты мақсатының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу екендігін айтып өтілді.