«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
Мектебімізде 2020-2021 оқу жылының 09-20 қараша аралығында «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны бойынша жұмыстар жүргізілді. Мақсаты: балаларды қатыгездікпен және немқұрайдылықпен қарау проблемасына қоғамның назарын аудару және қоғамда балаға зорлық-зомбылық қолайсыз болып, жасына, даму деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әр адамның өмірі мен әл-ауқаты жоғары болатын сенімдерді қалыптастыру.
Науқан барысында жоғарғы сынып оқушыларының арасында «Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады» тақырыбында эссе сайысы мен қиын жағдайдан қалай шығуға болатындығы туралы және қауіпсіздік ережелері бойынша оқушыларға ЗУМ платформасымен психологиялық кеңес берлііп, ата-аналарына қазіргі кездегі отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, жол бермеу мақсатында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жоқ» тақырыбында онлайн семинар-тренинг өткізілді. «Қоғамда зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында қашықтықтан сынып сағаттарын өтіп, «Бақытты балалық шақ немесе отбасы құндылықтары» атты бейнежазба дайындалып оқушыларға жіберілді.