«Күз сыйы» мерекесі
Мектебімізде күз мерекесіне орай «Күз сыйы» мерекесі өтті. Оқушыларымыз өздерінің ата-аналарымен бірге әр түрлі жемістерден көркін келтірген тамаша бұйымдарды қолдан жасады және суреттер салды. Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы, күз сыйлығы, жемістер мен көкіністер туралы түсінік беру. Балаларды табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Күзгі қолөнер байқауы белгілі ережелерге сәйкес өткізілді. Байқауға қойылатын талаптар алдын-ала хабарланды. Оқушылар белсенді қатысып, табиғи материалдардан, жеміс жидектерден әр түрлі ерекше және әдемі қолөнер ойлап тапты. Байқаудың барлық қатысушылары мадақтаммен марапатталды.