25.09.2020жылы мектеп директоры А.Токейбекова ата-аналармен инстаграмм ресми парақшасында басшы сағатын өткізді.
25.09.2020 жылы мектеп директоры А.Токейбекова ата-аналармен инстаграмм ресми парақшасында басшы сағатын өткізді. Кездесу барысында мектеп директоры ата-аналарға қашықтан оқытудың ерекшеліктеріне тоқталып, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.
Ата-аналардың бірі оқушылардың қашықтықтан оқыту кезіндегі кездесіп отырған мәселелер туралы сұрақтар қойса, бірі мектеп тарапынан көрсетіліп отырған әлеуметтік көмектері үшін алғысын білдіріп жатты. Мектеп директоры ата-аналарға алдағы уақытта да оқушылардың оқыту процесіне қатысты мәселелер туындаған жағдайда жұмыс телефонына хабарласу мүмкіндігі болатынын ескертіп айтты.
![](https://scontent.fkgf1-1.fna.fbcdn.net/v/t1.0-9/120160886_825217214969834_1946135052537987303_o.jpg?_nc_cat=108&_nc_sid=730e14&_nc_ohc=cY09PGGKgZ8AX_ah7W5&_nc_ht=scontent.fkgf1-1.fna&oh=921e41ab6e5f8ae7b4917d6b5f73e39e&oe=5F94041A)