"Жол ережесін сақтау-қауіпсіздік кепілі"
2020 жылдың 14-қыркүйегінде сынып жетекшілер "Жол ережесін сақтау-қауіпсіздік кепілі" атты тәрбие сағаттарын өткізді. Сынып сағатында ЖЖЕ түсіндіріп, оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға, жұмыс кезінде таза, тиянақты жұмыс жасауға шақырды. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті.