Қашықтықтан оқыту кезінде педагог мамандарға психологиялық кеңес
Қашықтықтан білім беру - бірқатар ерекшеліктер қажеттілігін талап етеді. Яғни алшақтық, жанама қарым-қатынастың болуы, оқушылардың өзін-өзі бақылауы, педагог тарапынан оқушыларды бақылау.
Психологиялық тұрғыдан алғанда қашықтықтан оқытудың екі маңызды сәттері – оқушылардың эмоционалдық жай-күйін қалыптастыру, қашықтықтан оқытуға оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Оқушылардың эмоционалдық жай күйінің төмен болуы білім алу сапасын төмендетеді. Сондықтан педагог тарапынан өзара білімдерді меңгерту арқылы оқушы бойына 4 маңызды компонентті қалыптастыруы шарт. Олар: Назар аудару, маңыздылық, сенімділік және қанағаттану.
Яғни педагог тарапынан оқушыны әртүрлі тапсырмалар арқылы қызығушылығын арттырып, назар аударту. Сендіру маңыздылығымен құндылығын оқыту, қолдау көрсету. Оқушы бойындағы өз-өзіне деген сенімділік - әсер ету сезімін қалыптастырып, білім алуда жақсы көрсеткіштер көрсетіп, қанағаттандыру нәтижесіне қол жеткізеді.
Назар аударыңыз! білім алушыларға берілетін вариативті тапсырмаларды күнделікті түрлендіріп отыру қажет етеді: онлайн-семинар сабақ, пікірталастар, форумдар, тыңдаушылардың талқылауы, өзіндік тәжірибесінен ұсыныстар, ерекше идеялар т.б. Оқу курстарына және әр түрлі жұмыс формаларына күтпеген элементтерді қосу ми белсенділігін оятатын әуестік тудырады, бұл көңіл-күйді жақсартады, материалды есте сақтауды қалыптастырады.
Қашықтықтан оқыту курс шеңберінде оқушыларды сапалы тапсырмасы үшін атап айту, жан-жақты көтермелеу - оқушының бойына сенімділік қасиетін қалыптастырып, жетістікке жетелейтін сезім тудырады.