Мектебімізде жоғары сынып пән мұғалімдеріне арналған «Edutest платформасының мүмкіндіктері» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді. Семинар барысында мұғалімдерге Edutest платформасының негізгі мүмкіндіктері таныстырылып, оны оқу үдерісінде тиімді пайд
Мектебімізде жоғары сынып пән мұғалімдеріне арналған «Edutest платформасының мүмкіндіктері» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді.
Семинар барысында мұғалімдерге Edutest платформасының негізгі мүмкіндіктері таныстырылып, оны оқу үдерісінде тиімді пайдалану жолдары көрсетілді.
Семинар аясында:
* Платформада тест тапсырмаларын құрастыру және өткізу;
* Оқушылардың білімін тексеру және бағалау;
* Тест нәтижелерін автоматты түрде талдау;
* Оқушылардың білім көрсеткіштерін бақылау;
* ҰБТ мен ББЖМ-ға дайындықта платформаны тиімді қолдану жолдары қарастырылды.
Практикалық бөлімде мұғалімдер платформамен өздері жұмыс жасап, оның мүмкіндіктерін тәжірибе жүзінде сынап көрді.