“Заң және тәртіп” идеологемасын іске асыру бойынша «Буллинг: жауапкершілік және көмек сұраудың қауіпсіз жолдары» тақырыбында мектеп психологтары мен мектеп инспекторының қатысуымен оқушылар арасында диалог алаңын өткізді. Мақсаты: Оқушыларға буллинг турал
16-11-2026 11:12
“Заң және тәртіп” идеологемасын іске асыру бойынша «Буллинг: жауапкершілік және көмек сұраудың қауіпсіз жолдары» тақырыбында мектеп психологтары мен мектеп инспекторының қатысуымен оқушылар арасында диалог алаңын өткізді.
Мақсаты: Оқушыларға буллинг туралы түсінік қалыптастыру, оның алдын алу жолдарын түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтарын қорғауға және қиын жағдайларда сенімді ересектерден көмек сұрай білуге үйрету. Сонымен қатар оқушылар арасында өзара сыйластық, достық, мейірімділік пен жауапкершілік құндылықтарын насихаттау.
Диалог барысында буллингтің түрлері, оның зардаптары мен алдын алу жолдары, сондай-ақ буллингке тап болған жағдайда дұрыс әрекет ету мәселелері талқыланды. Мектеп психологтары мен мектеп инспекторы оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Оқушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, тақырып аясында пайдалы ақпарат алды.