Размер шрифта:
↑
«Қыз бала – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында 8–11 сынып қыз балаларына арналған қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты – қыз балалардың бойына ұлттық тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды сіңіру, инабаттылыққа, әдептілікке, сыпайыл
16-11-2026 11:12
«Қыз бала – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында 8–11 сынып қыз балаларына арналған қыздар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың негізгі мақсаты – қыз балалардың бойына ұлттық тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды сіңіру, инабаттылыққа, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу, өзін-өзі құрметтеу мәдениетін қалыптастыру.
Кездесу барысында қыз баланың қоғамдағы орны, ұлттық болмыс пен салт-дәстүрді сақтау, жеке бас гигиенасы, өзіндік қауіпсіздік, интернет кеңістігіндегі мәдениет пен жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.
Қыз бала – отбасының көркі, ұлттың болашағы. Оның тәрбиесі – тұтас ұлт тәрбиесінің айнасы.