«Дүниежүзілік балалар күні» онкүндігі аясында 6-сынып оқушылары арасында «Менің құқығым – менің қорғаным» тақырыбында танымдық квест ойыны өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырушылар – Ж.Т. Мустапаева мен А.А. Абзалбекова. Квест барысында оқушылар құқықтық тапс
«Дүниежүзілік балалар күні» онкүндігі аясында 6-сынып оқушылары арасында «Менің құқығым – менің қорғаным» тақырыбында танымдық квест ойыны өткізілді.
Іс-шараны ұйымдастырушылар – Ж.Т. Мустапаева мен А.А. Абзалбекова. Квест барысында оқушылар құқықтық тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беріп, ребустар шешу арқылы өз білімдерін шыңдады. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен бала құқықтары туралы білімдерін ортаға салып, белсенділік пен ұйымшылдық танытты.
Іс-шараның қорытындысында оқушылар өз құқықтары мен міндеттерін білудің, заңды құрметтеудің және өзгенің құқығын сыйлаудың маңыздылығын түсінді.