Размер шрифта:
↑
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Бала құқығы және оқушы міндеті» тақырыбында сынып сағаты өткізілді Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, заңға құрметпен қарау және жауапкершілік сезімін қалыптастыру мақсатын
10-11-2026 09:17
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Бала құқығы және оқушы міндеті» тақырыбында сынып сағаты өткізілді
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, заңға құрметпен қарау және жауапкершілік сезімін қалыптастыру мақсатында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Бала құқығы және оқушы міндеті» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушыларға бала құқықтары, олардың заңмен қорғалуы, білім алуға, демалуға, өз ойын еркін білдіруге қатысты құқықтары түсіндірілді. Сонымен қатар оқушының мектептегі тәртібі, білім алуға жауапкершілікпен қарауы, мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтауы, ұстаздар мен сыныптастарына құрмет көрсетуі сияқты міндеттері талқыланды.
Іс-шара барысында оқушылар түрлі жағдаяттарды талдап, өз ойларымен бөлісті. Құқық пен міндеттің өзара тығыз байланысты екеніне назар аударылды.
Сынып сағатының нәтижесінде оқушылар өз құқықтарын білуімен қатар, өзгелердің құқықтарын құрметтеу, заң талаптарын сақтау және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну маңызды екенін түсінді.