Размер шрифта:
↑
2026 жылғы 9 қараша күні мектепішілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, мектеп аумағында және қоғамдық орындарда тәртіп сақтау мәдениетін қалыптастыру мақсатында жоспар бойынша қалалық ішкі істер бөлімінің қаты
10-11-2026 09:16
2026 жылғы 9 қараша күні мектепішілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, мектеп аумағында және қоғамдық орындарда тәртіп сақтау мәдениетін қалыптастыру мақсатында жоспар бойынша қалалық ішкі істер бөлімінің қатысуымен «Қауіпсіз мектеп» және «Қауіпсіз аула» рейдтік іс-шаралары ұйымдастырылып өткізілді.Рейд барысында мектептің ішкі тәртіп ережелерінің сақталуы, мектеп дәліздері,мектеп алаңындағы көшелерді және ортақ пайдаланылатын орындардағы тәртіп жағдайы назарға алынды. Сонымен қатар мектеп ауласы мен оған жақын орналасқан аумақтарда оқушылардың қауіпсіздігі, сабақтан тыс уақыттағы бос жүруінің алдын алу мәселелері қарастырылды.Іс-шара барысында оқушыларға қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениеті, құқық бұзушылыққа жол бермеу, мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау және жеке қауіпсіздік талаптарын орындау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Рейд жұмыстарына полиция инспекторы- Қожанова Анар Қасымжанова және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және «Жас Сарбаз» қозғалысының өкілдері қатысты.
Рейд қорытындысы бойынша мектеп ішіндегі және аумағындағы қауіпсіздік пен тәртіп жағдайы бақылауға алынып, анықталған мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізу қажеттілігі белгіленді