Размер шрифта:
↑
Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 2 «Ә» сыныбында ата-аналар жиналысы өтті «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 2 «Ә» сыныбында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыстың негізгі мақсаты – ата-аналармен ынтымақтастықт
09-11-2026 08:49
Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 2 «Ә» сыныбында ата-аналар жиналысы өтті
«Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 2 «Ә» сыныбында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Жиналыстың негізгі мақсаты – ата-аналармен ынтымақтастықты нығайту, оқушылардың оқу үлгерімі мен білім сапасын талдау, балаларға қолайлы психологиялық орта қалыптастыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылау.
Жиналыс барысында төмендегі мәселелер бойынша толық ақпарат берілді:
1. І тоқсан қорытындысы және оқушылардың білім сапасы
І тоқсан бойынша оқушылардың оқу үлгерімі мен білім сапасына талдау жасалды. Пәндер бойынша жетістіктері мен оқу барысында кездескен қиындықтары қарастырылды. Білім сапасын арттыру мақсатында ата-аналарға балалардың үй тапсырмасын орындауын қадағалау, күнделікті сабаққа дайындалуына көмектесу және кітап оқуға қызығушылығын арттыру ұсынылды.
2. Оқу қиындықтарын еңсеруде балаға эмоционалдық қолдау көрсету
Баланың оқу барысында кездесетін қиындықтарын түсіністікпен қабылдау, жетістіктерін бағалау және қателіктері үшін жазғырмай, керісінше қолдау көрсету қажеттігі айтылды. Әр баланың қабілеті мен қабылдау ерекшелігі әртүрлі болғандықтан, оны басқа балалармен салыстырмай, өз мүмкіндігіне қарай дамуына жағдай жасау керектігі түсіндірілді. 3. Баланың жеке қауіпсіздігі және оны зорлық-зомбылықтан қорғау
Балалардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау және зорлық-зомбылықтың кез келген түрінің алдын алу мәселелері талқыланды. Ата-аналарға балаларды бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста сақ болуға, жеке мәліметтерін жария етпеуге, интернет кеңістігін қауіпсіз пайдалануға үйрету қажеттігі айтылды. Сондай-ақ балаға қандай да бір қауіп төнген жағдайда сенімді ересек адамға хабарлаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Қорытынды: Балаға білім мен тәрбие беру – мектеп пен ата-ананың ортақ жауапкершілігі. Отбасы мен мектеп арасындағы өзара ынтымақтастық арқылы ғана білімді, тәрбиелі, өзіне сенімді және қауіпсіз ортада өсіп келе жатқан ұрпақ қалыптастыра аламыз.