Размер шрифта:
↑
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң алдындағы жауапкершілігін түсіндіру, құқық бұзушылықтың алдын алу және өз құқықтары мен міндеттерін білуге тәрбиелеу мақсатында мектепте «Заң және жасөспірім» тақырыбында пікірталас ойыны өткізілді. Пікіртала
09-11-2026 08:44
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң алдындағы жауапкершілігін түсіндіру, құқық бұзушылықтың алдын алу және өз құқықтары мен міндеттерін білуге тәрбиелеу мақсатында мектепте «Заң және жасөспірім» тақырыбында пікірталас ойыны өткізілді.
Пікірталас ойыны барысында оқушылар екі топқа бөлініп, өзара сайысқа түсті. Екі топқа құқықтық тақырыпта сұрақтар мен жағдаяттық тапсырмалар беріліп, қатысушылар өз білімдерін, тапқырлықтары мен ой ұшқырлықтарын ортаға салды. Топтар берілген тапсырмаларға жауап беріп, өзара пікір алмасып, белсенділік танытты. Сайыс барысында оқушылардың құқықтық сауаттылығы мен заң алдындағы жауапкершілігі сараланды.
Іс-шарада оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Баланың құқықтары туралы» Конвенция, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ заң алдындағы жауапкершілігі туралы түсінік берілді.
Сонымен қатар буллинг, кибербуллинг, құқық бұзушылық және жасөспірімдер арасындағы жауапкершілік мәселелері талқыланды. Оқушылар заң талаптарын сақтау әрбір азаматтың міндеті екенін түсініп, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына назар аударды.
Қорытынды: Пікірталас ойыны оқушылардың құқықтық білімін жетілдіруге, өз пікірін еркін жеткізуге, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және заңға құрметпен қарауға бағытталды. Іс-шара өз мақсатына жетті.