2026 жылғы 17 қазан күні Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Таза Қазақстан – отбасыммен бірге таза қала үшін!» атты қалалық экологиялық-тәрбие акциясы ұйымдастырылды.

Акцияның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа деген жауапкершілік сезімін арттыру, сондай-ақ отбасы мен мектеп арасындағы тәрбие сабақтастығын нығайту.
Акция барысында төмендегідей бағыттар бойынша жұмыстар атқарылды:
«Тазалық – тәрбие бастауы» бағыты бойынша қатысушыларға акцияның мақсаты мен міндеттері түсіндіріліп, қауіпсіздік нұсқаулығы берілді.
«Таза аула – таза қала» бағыты бойынша мектеп ауласы және оған бекітілген аумақ күл-қоқыстан тазартылды.
«Әкелер өнегесі – ұрпаққа үлгі» бағыты бойынша әкелер мен ұлдар бірлесіп абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, ағаш түптерін қопсытты.
Аталған акция оқушылардың табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттырып, отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал етті. Сонымен қатар, үлкендердің өнегесі арқылы жас ұрпаққа тазалық пен еңбексүйгіштіктің маңызын түсіндіруге мүмкіндік берді.