Размер шрифта:
↑
«Менің шағын Отаным» байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы
19-10-2026 08:22
«Менің шағын Отаным» байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы
Оқушылардың тарихи танымын кеңейту, туған өлке тарихын тереңірек зерттеуге баулу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Менің шағын Отаным» байқауының қалалық кезеңі өз мәресіне жетті.
Байқау барысында оқушылар туған өлке тарихын зерделеп, тарихи жәдігерлердің құндылығын таныстыру, тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін зерттеу, сондай-ақ цифрлық технологияларды пайдалана отырып, тарихи мұраны жаңаша форматта ұсыну бағыттарында өздерінің білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша мектебіміздің оқушылары жүлделі III орындарға ие болып, жоғары нәтиже көрсетті.
«Бір жәдігер – бір тарих» номинациясы бойынша Әлімбет Әмір III орынға ие болды. Оқушының жетекшісі – Еримбетов Т.Е. Бұл номинация аясында оқушы тарихи жәдігердің шығу тарихын, құндылығы мен маңызын зерттеп, өз ізденісін таныстырды.
«Тұлға және дәуір: цифрлық тарихи портрет» номинациясы бойынша Дюсинбинов Диас III орын иеленді. Оқушының жетекшісі – Скакова Л.А. Ол тарихи тұлғаның өмірі мен қызметін зерделеп, оның өз дәуіріндегі орнын айқындау және тарихи мәліметтерді цифрлық форматта ұсыну бағытында өз қабілетін көрсетті.
Бұл жетістіктер – оқушылардың ізденімпаздығы мен табанды еңбегінің, жетекші ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен қолдауының жемісі.
Жүлдегер оқушыларымызды және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, толағай жетістіктер мен жаңа белестер тілейміз!