Размер шрифта:
↑
Мектебімізде Ұстаздар күніне орай «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар мәңгілік» тақырыбында мерекелік концерт өтті.
07-10-2026 09:19
Мектебімізде Ұстаздар күніне орай «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар мәңгілік» тақырыбында мерекелік концерт өтті.
Салтанатты шара барысында ұстаздардың білім беру саласындағы кәсіби еңбегі, шәкірт тәрбиесіне қосқан үлесі ерекше аталып өтіп, абыройлы қызметі мен еселі еңбегі үшін бірқатар ұстаздар Алғыс хатпен марапатталды.
Марапаттау рәсімінен кейін мерекелік концерт өз жалғасын тауып, оқушылар ұстаздарға арнап ән шырқап, би билеп, жүрекжарды өнерлерін ұсынды. Әсем ән мен әсерлі өнерге ұласқан кеш ұстаздарға деген құрмет пен алғыстың жарқын көрінісіне айналды.
Ұстаз – ұрпаққа бағыт беріп, білімнің шамын жағатын ұлы тұлға. Сондықтан ұстаз еңбегі қашанда құрметке лайық, ал оның берген білімі мен тәрбиесі – ұрпақ жадында мәңгі сақталатын асыл мұра. Мереке құтты болсын!            </div>
                        <div class=