Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте арттыру және педагогикалық қызметке бейімделуіне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Жас маманның кәсіби қадамы: заңды білу, жоспарлау, бағалау және заманауи технологияны тиімді қолдану» тақырыбында жас мамандар отыр
05-10-2026 13:07
Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте арттыру және педагогикалық қызметке бейімделуіне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Жас маманның кәсіби қадамы: заңды білу, жоспарлау, бағалау және заманауи технологияны тиімді қолдану» тақырыбында жас мамандар отырысы өткізілді.
Отырыс барысында білім беру саласына қатысты негізгі нормативтік-құқықтық құжаттар, педагогтің құқықтары мен міндеттері таныстырылды. Сонымен қатар күнтізбелік-тақырыптық жоспар мен қысқа мерзімді жоспарды тиімді құру, оқу мақсатын дұрыс қою, бағалау критерийлерін анықтау, қалыптастырушы және жиынтық бағалауды ұйымдастыру, оқушыға сапалы кері байланыс беру мәселелері қарастырылды.
Жас мамандарға инклюзивті білім беру аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс жүргізу, тапсырмаларды бейімдеу және педагогикалық қолдау көрсету жолдары түсіндірілді. Сондай-ақ сабақ барысында жасанды интеллект құралдарын тиімді әрі қауіпсіз пайдалану бойынша практикалық ұсыныстар берілді.
Практикалық бөлімде жас мамандар топтық жұмыс арқылы оқу мақсатын, ҚМЖ үзіндісін, бағалау критерийін, инклюзивті тапсырманы және жасанды интеллект көмегімен оқу тапсырмасын әзірлеп, өз жұмыстарын ортаға салды.