14 қыркүйек күні Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
14 қыркүйек күні Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың негізгі мақсаты – қазіргі таңдағы бала тәрбиесі, денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді талқылау және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.
Кездесу барысында жасөспірімдердің психологиялық және моральдық жағдайы, құрдастар арасындағы қарым-қатынас, буллингтің алдын алу, білім мен тәрбие сапасы, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мәселелері сөз болды.
Әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға көрсетілетін көмекті күшейту, оларға материалдық қолдаумен қатар, психологиялық және моральдық қолдау көрсету қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар, кәмелетке толмаған балалардың кешкі уақытта бақылаусыз көшеде жүруінің алдын алу, ата-аналардың бала қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін арттыру және профилактикалық жұмыстарды жүйелі жүргізу мәселелері қарастырылды. Интернеттегі алаяқтықтан сақтану, жеке мәліметтерді қорғау және қауіпсіз интернетті пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы атап өтілді.
Балалар арасында темекі, алкогольдік ішімдіктер мен электронды темекінің зиянының алдын алу, мектептегі қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Оқушылардың қауіпті және өткір заттарды алып жүруіне жол бермеу, қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігі айтылды.
Жиналыста балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселесі де қозғалды. Оқушыларды спорттық секцияларға, үйірмелерге, шығармашылық және білім беру бағыттарына тарту арқылы олардың пайдалы іспен айналысуына жағдай жасау қажеттігі айтылды.
Қазіргі цифрлық заманда балалардың цифрлық сауаттылығын арттырумен қатар, тәртіп, тазалық, жауапкершілік, үлкенді сыйлау, ұлттық құндылықтарды құрметтеу сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Жиналыс барысында «Баланың бірінші ұстазы – ата-ана, ал мектеп – тәрбиені толықтыратын орта» екендігі айтылып, бала тәрбиесінде ата-ана мен мектептің бірлескен жұмысының маңыздылығы көрсетілді.
Тәртіп – тәрбиенің негізі, тазалық – денсаулықтың кепілі, ал ұрпақ тәрбиесі – баршамызға ортақ жауапкершілік