Балқаш қаласының №Б.Момышұлы атындағы мектебінде профилактикалық кездесу өтті
05-10-2026 12:58
Балқаш қаласының №Б.Момышұлы атындағы мектебінде профилактикалық кездесу өтті
15.09.2026 күні мектептің 7-11 сынып оқушыларымен полиция капитаны Н.А. Коразбаев пен полиция майоры Е.Д. Саматов кездесу өткізді.
Жиында құқықбұзушылықтың алдын алу, жол қауіпсіздігі (мотоцикл, мопед, самокат), кибербуллинг және кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта (23:00-06:00) заңды өкілсіз жүруге болмайтыны қатаң түсіндірілді.
Сондай-ақ оқушыларға қазіргі уақытта «Назар аударыңыздар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүріп жатқаны айтылып, «Жаяу жүргінші» профилактикалық акциясы өтіп жатқаны ескертілді.
Абайлаңыздар, балалар! Қауіпсіздік – басты назарда!