«Қарттарым – асыл қазынам» қайырымдылық акциясы Қарттар күніне орай мектебімізде «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – қарттарға құрмет көрсету, ардагерлерге қамқорлық таныту және оқушыларды мейірім
01-10-2026 16:29
«Қарттарым – асыл қазынам» қайырымдылық акциясы
Қарттар күніне орай мектебімізде «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты – қарттарға құрмет көрсету, ардагерлерге қамқорлық таныту және оқушыларды мейірімділік пен ізгілікке тәрбиелеу.
Акция аясында мектебіміздің оқушылары ардагердің үйіне арнайы барып, қажетті азық-түлік өнімдерін табыстады. Ардагерді Қарттар күнімен құттықтап, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін білдірді.
Қайырымдылық акциясы арқылы оқушылар үлкенге құрмет көрсету, қамқорлық таныту және қайырымдылық жасаудың маңыздылығын көрсетті.
Қартқа құрмет – елге құрмет