Размер шрифта:
↑
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес қыркүйек айы «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» айы ретінде белгіленді. Қыркүйек айының соңғы аптасы «Еңбек күні» тақырыбына арналды. Еңбек күні — Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісі
01-10-2026 16:27
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес қыркүйек айы «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» айы ретінде белгіленді.
Қыркүйек айының соңғы аптасы «Еңбек күні» тақырыбына арналды. Еңбек күні — Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтілетін ресми мереке.
Еңбек — ел дамуының негізі, ал адал әрі сапалы еңбек — әр адамның жарқын болашағына бастар жол. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, маңдай терімен еңбектенген әрбір азаматтың еңбегі құрметке лайық.
Осы айтулы мерекеге орай баршаңызды Еңбек күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңіз еленіп, кәсіби жетістіктеріңіз арта берсін! Әрбір бастамаңыз берекелі болып, саналы да сапалы еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!