Размер шрифта:
↑
«Заң және тәртіп» бағыты аясында және Жаңа Конституцияны түсіндіру онкүндігі шеңберінде 9–11 сынып оқушылары арасында «Заң және тәртіп – қоғам тірегі» тақырыбында TEDx форматында түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды.
24-09-2026 08:21

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға Конституцияның қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңды құрметтеуге және өз құқықтары мен міндеттерін білуге бағыттау.
Іс-шара барысында тарих пәнінің мұғалімдері оқушыларға Конституцияның мемлекет пен қоғам өміріндегі орны, азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері, заң үстемдігі, қоғамдық тәртіп және азаматтық жауапкершілік туралы түсініктер берді.
TEDx форматына сәйкес тақырыптар қысқа әрі мазмұнды баяндамалар арқылы ұсынылып, оқушылардың күнделікті өмірімен байланыстырылды. Атап айтқанда, «Заң не үшін қажет?», «Құқық пен міндеттің байланысы қандай?», «Тәртіпті сақтау – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі», «Жасөспірім және заң», «Интернеттегі құқықтық жауапкершілік» сияқты мәселелер талқыланды