Тақырыбы: «Бала – ата-ана – мектеп: бірлескен қадам»
Тақырыбы: «Бала – ата-ана – мектеп: бірлескен қадам»
2026 жылғы қыркүйек айында 1-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған алғашқы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты – ата-аналарды мектеп өмірімен таныстыру, оқу-тәрбие үдерісіндегі ата-ананың рөлін түсіндіру және мұғалім мен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Жиналыс барысында оқушылардың мектепке бейімделуі, күн тәртібі, оқу құралдарын дұрыс пайдалану, бала қауіпсіздігі, мектеп ережелері және ата-анамен тұрақты байланыс мәселелері талқыланды. Сонымен қатар ата-апалармен танысу тренингі өткізіліп, сауалнама жүргізілді.
Жиналыс соңында ата-аналарға бала тәрбиесі мен білім алуына бірлесе қолдау көрсету жөнінде ұсыныстар берілді. «Бала жетістігі – мектеп пен ата-ананың ортақ еңбегі» екені атап өтілд