Размер шрифта:
↑
АПФ форматындағы қалалық пікірсайыс турнирі
14-09-2026 10:12
 
2026 жылы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай, Ы.Алтынсарин атындағы №25 мектептің «Болашақ» дебат клубының ұйымдастыруымен «Ubyrai CUP I» қалалық оқушылар арасындағы пікірсайыс турнирі өтті.
Турнирдің негізгі мақсаты – оқушылар арасында пікірсайыс қозғалысын дамыту, олардың сыни ойлау, өз ойын еркін жеткізу, дәлелдеу және қарсы пікірді тыңдау дағдыларын қалыптастыру.
Пікірсайыс АПФ (Америкалық парламенттік формат) бойынша ұйымдастырылып, ойын барысында қатысушылар 5 қарар бойынша өзара пікір алмасты. Турнирге Б.Момышұлы атындағы мектептің «Өркен» және «Өрлеу» командалары қатысты.
«Өркен» командасының құрамы:
Умирбекова Зере;
Мүкәрам Айзере.
«Өрлеу» командасының құрамы:
Ыбрамбек Алиша;
Сейлханова Инжу.
Қатысушылардың барлығы 5–7 сынып оқушылары болғанына қарамастан, пікірсайысқа жақсы дайындықпен келгендерін көрсетті. Ойындар қызықты әрі тартысты өтіп, оқушылар өз ойларын нақты дәлелдермен жеткізіп, белсенділік танытты.
Турнир қорытындысы бойынша мектебіміздің командалары жоғары нәтижелерге қол жеткізді: