Бүгін мектебімізде Тілдер апталығының ашылу салтанаты өтті
Бүгін мектебімізде Тілдер апталығының ашылу салтанаты өтті. Оқушылар үш тілде өлең оқып, көрнекті тұлғалардың тіл туралы аманаттарын жеткізді. Үгіт-насихат тобы өнер көрсетіп, Қазақстанның көптілді ел екенін әр тілде сәлемдесу арқылы таныстырды.
Шара барысында ана тіліміздің мәртебесін көтеріп, оны халықаралық тілдер қатарынан лайықты орын алатын тілге айналдыруға үлес қосу қажеттігі айтылды. Сонымен қатар оқушыларды тіл мәртебесін ел мәртебесі деп түсініп, апталық аясындағы іс-шараларға белсене қатысуға шақырды