"Қызым саған айтам..." сырласу кеші
06-03-2019 16:19

       8 Наурыз халықаралық әйелдер күніне орай "Қызым саған айтам..." сырласу кеші өтті. Кештің мақсаты қыз балалардың тәрбиесі, қыздарымыздың қазақи ар намыстан, ұятынан ажырамай қазақ қызына тән ибалы болуларына ықпал тигізу. Кеш қонақтары қалалық аналар кеңесінің төр айымы, ардагер ұстаз Сыздыкова Ш.Р., Қалалық "Ұлар" қыз келіншектер клубының жетекшісі Сыламбекова Р.С., Балқаш сазының әншісі қыз келіншектер ұлттық қол өнер үйірмесінің жетекшісі, қалалық аналар кеңесінің мүшесі Құсайнова С.Қ., және мектебіміздің ардагер, ұлағатты ұстаздары мен көп балалы зейнеткер аналарымыз қонақта болды. Сырлас кеші үш бөлімнен болды. 
1. "Бүгінгі қыз бала, ертеңгі болашақ ана" ашық алаң (шақырылған қонақтармен сұрақ - жауап, сұхбат)
2. "Баланы бастан бақпасаң, жамандықтан қақпасаң" (бейне ролик жағдаятан шығу)
3. "Қол өнері" бөлімі "Анаға қарап қыз өсер" бұл бөлімде кешке қатысушы ана мен қыздарымыз ұлттық қол өнер түрлерін көрсетеді.
Кешке барлық қала мектептерінің аналар кеңесі төрайымдары мен аналар және қыз балалары қатысты. Кеш соңында барлық қатысушылар белсене қатысқандары үшін алғыс хатпен марапатталды.