«Сен де оқы, мен де оқимын» жобасы аясында іс- шара өтті
23-11-2018 13:08
«Сен де оқы, мен де оқимын» жобасы аясында іс- шара өтті

       С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп- гимназиясында қазан айының 24- і күні бастауыш сыныптардың оқу- ісінің орынбасары А.К.Аханова мен бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі Н.Ш. Кашкынбаеваның ұйымдастыруымен «Сен де оқы, мен де оқимын» жобасы аясында іс- шара өтті. Бұл іс- шараның мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының арасында оқырман қызығушылығы мен оқу сауаттылығын дамыту, яғни оқушыларды кітап оқуға шақыру. Байқау «Алтын күз» тақырыбына арналып, 2- сыныптар арасында «Үздік лэпбук», 3-4- сыныптар арасында «Үздік газет», 2- 4 сыныптар арасында «Үздік эссе» ұйымдастырылды. Іс- шара оқушыларды кітап оқуға шақыратын үгіт- насихат тобының ұранды сөздерімен басталды. Дайындалған лэпбук, газеттерді қорғауға 2- 3 минут уақыт берілді. Маусымдық кезеңге сай «Алтын күз» тақырыбына арналғандықтан, оқушылар лэпбук, газеттерді бірнеше бөлімдерге бөліп дайындаған. Олар: жеміс- жидектер, дәнді дақылдар туралы танымдық ойындар, тапсырмалар, логикалық сұрақтар, жұмбақтар т.б. Алдын ала таныстырылған критерийлерге сәйкес әділқазы алқа мүшелері өз бағаларын беріп, жеңімпаздарды марапаттады. Жобаның жоспарына сай оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға арналған іс- шаралар әлі де жалғасын табады.