"100 нақты қадам"
16-10-2018 14:35

Өткен аптада мектебімізде Елбасымыздың "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының 79-қадамында көрсетілген ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшу бағдарламасын жүзеге асыру барысында жаратылыстану-математика пәндерін ағылшын тілінде оқыту үшін ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп директоры Г.М.Манатаева мектебімізде тілдік курс бойынша сабақ беретін мұғалімдердің, оның ішінде физика пәнінің мұғалімі Балапанова Г.Ж., химия пәні мұғалімі Ракишева М.А., информатика пәні мұғалімі Ермек А.Т., биология пәні мұғалімі Камубаева С.Ж. арнайы курстан өтіп, сертификат алғанын, әр пәндегі терминология элементтерін сабақ үрдісінде кеңінен қолданып жүргендігін, сондай-ақ халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеуде ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқыту - бүгінгі күннің басты талабы екенін ата-аналарға жеткізді.