Қамқоршылық кеңес мүшелерімен кездесу
02-02-2018 17:38
Қамқоршылық кеңес мүшелерімен кездесу

     Желтоқсанның 19 күні қамқоршылық кеңес мүшелерімен кездесу өтті. Қамқоршылық кеңесі мүшесіндегі 9 адам қамқоршылық кеңесінің отырысына толықтай қатысып, мектеп өміріне байланысты, алдағы жоспарларды талқылады.

 

Қамқоршылық кеңес төрағасы М.Н.Көшербаев және қамқоршылар кеңесі мүшелерімен  2020-2021 оқу жылының алғашқы отырысы болып өтті. Отырыста Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында  төтенше жағдай енгізу туралы» 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 жарлығы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 14 наурыздағы №108 бұйрығын негізге ала отырып,  оқушыларды қашықтықтан оқыту жағдайында  бірыңғай білім алуына мүмкіндік жасауға, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы 15 отбасыға интернет қосу үшін, мектептің жалпыға білім беру қорынан қаражат бөлінетіні туралы айтты және ол қаражат қамқоршылар кеңесі мүшелеріне аударылып, мектептің әлеуметтік педагогымен біріге отырып төленуі керек екендігі туралы айтып өтті.