«Бір аймақ-бір кітап» облыстық акциясы аясында
Оқуға берілген Қазақ ертегілерін 2-4 сынып оқушылары жаппай оқуда. «Бір аймақ-бір кітап» облыстық акциясы аясында 08.01.-15.01. 2018 жыл аралығында 2-4 сынып оқушыларына оқуға берілген қазақ ертегілері оқушы деңгейіне қарай талданып, тыңдалды. Осы орайда, 2б, 3г- сынып жетекшілері Қашқынбаева Назгүл, Айгерім Мұхамедиева және мектеп кітапханашыларының ұйымдастырумен оқушылар арасында ертегілерді талдауға арналған сыныптан тыс шара өтті. Іс-шараға белсене қатысқан оқушыларды ерекше атап өтсек: 2б- сынып оқушылары Ералықызы Мерей, Сәбит Нұрай, Жамел Ерасыл, Толеукутова Аружан, 3г- сынып оқушылары Ермекқали Нұрхат, Абзали Елжан, Хабдысалим Гүлсара. Ертегі тыңдау арқылы баланың ой-өрісі дамып, рухани жан дүниесі тазарады.