«Жасөспірім және тәртіп»
10-11-2017 04:05
«Жасөспірім және тәртіп»

    «Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ бойынша мұғалімдерінің 02.11.2017 күні сағат 19/00- 22/00 аралығынды күзгі каникул кезінде жүргізілген «Жасөспірім және тәртіп» профилактикалық рейдінің қорытындысы. 02.11.2017ж. күні  19.00-22.00аралығында ұйымдастырылған рейдтер бойынша төмендегіні мәлімдейміз. Мектебімізге қарасты мөлтек аудандарында «Жасөспірім және тәртіп» атты рейд өткізілді. Рейдке директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Қ.А. Қазкеновна, әлеуметтік педагог А.Кәрібек, аға  тәлімгер      9 «В» сынып жетекшісі Г.А. Қанатбекова, 7 «А» сынып жетекшісі А,О. Батталова, 8 «В» сынып жетекшісі А.Б. Карина, денешынықтыру мұғалімі О.Тұрар, ата-аналар комитеті Г. Шайкенова және аймақтық инспектордан құрылған мобилдік топ шықты. Русаков, Сатпаев мөлтек аудандарындағы   дүкендерден  кәмелеттік жасқа толмаған балаларға алкогольдік сусындар мен темекі өнімдерін сатқаны  бақыланды. Бірақ алкогольдік сусындар мен темекі өнімдерін алуға барған ешкім болмағаны  байқалды.