«Менiң таңдауым – балаларға көмек көрсету!»
09-11-2017 12:11
«Менiң таңдауым – балаларға көмек көрсету!»

       Мектепке жол» республикалық акциясы «Менiң таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен өткізілуде.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету.

9 жыл бойы өткізілген  акция барысында 2 млн. 346 мыңға жуық бала жалпы 15 млрд. 79 млн. 842 мың теңгеден астам қаражат көлемінде материалдық көмек алып отыр.  Халықты кеңінен ақпараттандыру, сондай-ақ акцияға ықтимал демеушілерді тарту үшін «Мектепке жол» акциясы 2017 жылдың 1 тамыз күнібасталды.