«Бір аймақ-бір кітап» облыстық акциясы аясында
Акция мақсаты: жалпы қоғам назарын кітап оқуға байланысты қызығушылықтың төмендеуіне, адамның жеке тұлғасын қалыптастырудағы кітаптың рөліне аудару, оқырман мәдениетін дамыту және қолдау. Қарағанды облысы аймағында өткізіліп жатқан «Бір аймақ-бір кітап» облыстық акциясы аясында мектеп оқушыларының атсалысуымен 2-4 сыныптарға Ыбырай шығармалары таңдалынып оқылды. «Бақша ағашы», «Таза бұлақ» әңгімелері бойынша көрініс көрсетілді. Оқушыларды Ыбырай әңгімелеріндегі кейіпкерлердің жақсы мінез-құлық, орынды іс-әрекеттерін талдау арқылы адамгершілікке, адалдыққа, мейірімділікке, қамқорлық жасауға баулу.Ыбырай атаның әр еңбегінен оқушы рухани тілектеріне жауап табады. Алтынсарин шығармаларын қолдан түсірмей оқуға шақырамыз.