Ұшқан ұя
Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұясы» тұнып тұрған тәрбие десек артық айтпаған болар едік. Кітаптың атының өзінен «Ұшқан ұя» аталуының өзінде зор мән бар. «Ұяда не көрсең соны аласың » деген мақалдың рас екенін Бауыржан Момышұлының естеліктерінен толық аңғарамыз. Рухани жан таза адамның болашақ ұрпақтарына қалдырған аманат кітабы десек болады. Осы орайда 8-9 сынып оқушылары арасында танымдық сағат өтті. Оқушылар Бауыржан МомышұлыныңБауыржан өмірбаянынан бастап, «Ұшқан ұясы» кітабының мән-мағынасын тереңнен ашты. Оқушылар қазақи салт – дәстүрлермен танысты. Бұрын Бауыржан атаны қатал жауынгер ретінде білсе, енді ол кісіні қарапайым, жаны нәзік адам ретінде танып үлгерді.