«1 маусым – Халықаралық балалар күні»
05-06-2019 14:34
«1 маусым –  Халықаралық балалар   күні»

   «С.Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы» КММ «1 маусым –  Халықаралық балалар   күні»  мерекесі  мен  «Алау»   сауықтыру демалыс   лагерінінің ашылуына орай  «Бар  мейіріміміз  балаларға»  атты   ертеңгілік өтті. Ертеңгілік мақсаты балаларға  шын  көңілден  шаттық көңіл сыйлап, көңілді шуақты күн сыйлау. Мектеп ауласында сағат 8.30-дан  көңілді  әуендер ойнап  тұрды. Мектеп алды  мерекелік  безендірілген. Барлық  бүлдіршіндер  салтанатты жиынға  сапқа  тұрғызылды. Балаларға  мерекелік  лебізін  білдіру  үшін сөз  мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қазкенова Айнаш Қазкенқызына беріліп, бүлдіршіндерді құттықтады. Ертеңгілік барысында Балаусаның  «Мерекелеріңізбен»әні, Адина «Хатуба» биі, Ералының «Қазақ жастары», «Қыз бала гүл» атты әнімен Альбина бүлдіршіндерге тамаша көңіл күй сыйлады.