"Балауса"

Дата: 2019-06-06 14:35:32

№24 орта мектебіндегі мектеп жанындағы "Балауса" жазғы лагерінде әдеттегідей тәрбиешілер балаларды қабылдап, таңғы жаттығулар жасалды.
09:30 – 09:45 – таңғы жиын ұйымдастырылып, бүгінгі күнге арналған жоспармен таныстырылды.
«Біз бақытты баламыз!» тақырыбында асфальтқа сурет салу байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты лагерге келген балалардың қызығушылығын арттыра отырып, көңілдерін көтеру.
Сонымен қатар , Балқаш қаласының көрікті жерлеріне саяхат жасалып, оның ішінде мәдениет сарайының артындағы асық алаңына барды. Бұл саяхаттың мақсаты балаларды өз туған жерінің көрікті жерлерін көрсету және олармен таныстыру.