«Салауатты өмір салтын сақтаймыз»
Дата: 2019-06-06 12:39:57
Балқаш қаласы жалпы білім беретін №24 орта мектебінде 2019 жылдың 3 маусымында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқан аясында «Салауатты өмір салтын сақтаймыз» атты эстафеталық жарыс өтті. Мақсаты: Оқушылар спорттық ойындарды ойната отырып спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Жарыс 6 эстафеталық сайыстардан тұрды. Балалар түрлі кедергілерден өтіп, бір-бірімен жарысты. Соңында әділқазылар әділ шешімімен екі топтың жинаған ұпай саны тең түсіп, достық жеңгенін хабарлады.