Балқаш қаласы жалпы білім беретін №24 орта мектебінде 2019 жылдың 1 маусымында мектеп жанындағы «Балауса» лагерінің ашылу салтанаты және 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты іс – шаралар жүргізілді.

Дата: 2019-06-06 13:38:58
Балқаш қаласы жалпы білім беретін №24 орта мектебінде 2019 жылдың 1 маусымында мектеп жанындағы «Балауса» лагерінің ашылу салтанаты және 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты іс – шаралар жүргізілді.

«Балалық шақтың бал күні» тақырыбында 1маусым - Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс – шара болып өтті. Іс – шараның басты мақсаты балалардың жеке қасиеттерін дамыту,өлеңдерді, әндерді нақышына келтіре айтуға үйрету, бірін- бірі сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпауға тәрбиелеу. Сонымен қатар балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау. Іс – шара ең алдымен балалармен амандасып, төл мерекелерімен құттықтаудан басталды. Әр түрлі жұмбақтар жасырылып, мерекеге байланысты өлең шумақтары айтылып, би биленіп, әндер шырқалды. Ойын ойнағанда балалар бір – бірінен қалыспай, белсенділік танытты.