«Оқушыларды ҰБТ-ға педагогика – психологиялық дайындау» тақырыбында зерттеу жұмыстары

Дата: 2013-10-30 04:09:49

 

«Оқушыларды ҰБТ-ға педагогика – психологиялық дайындау» тақырыбында зерттеу жұмыстары

 

«Өз балаларыңызды  сүйе отырып,

оларды сізді де сүюге үйретіңіз,

үйретпесеңіз -  қартайған шағыңызда

көз жасыңызды  төгесіз»

Тақырыбы: Ата-ана, оқушы және мұғалім арасындағы психологиялық үйлесімділік

 

 Мақсаты:Оқушы, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу және бала тұлғасының  қалыптасуындағы  психологиялық-педагогикалық  құзыреттіліктерді  дамыту бойынша  мәліметтендіру.

 Міндеті:

1. Ата-ана, оқушы және мұғалім өзара ынтымақтастық қарым- қатынаста болуына ықпал ету;

2. Ата-аналарды  бала психикасының  дамуына  кері әсер ететін  тәрбие түрлеріне байланысты бейнекөрсетілімдер және т.б шаралар арқылы психологиялық түзету- дамыту;

3. Ата-аналардың  өз отбасындағы   берілетін тәрбиенің ерекшелігі туралы  ойландыру.

4. Ата-аналардың өздерін  сыртынан  байқай алуларын дамыту

 

Тренинг бағдарламасы:

 

-          Сергіту сәті “Мода”

-          Теориялық шолу

-          Бейне көрсетілім

-          “Мұздағы пингвиндер”  тренинг элементі

-          Топтық жұмыс “коллаж”

-          “Сызғыш” ойыны (жазалау)

-          Рефлексия

-          Ұсыныс

 

Психологиялық үйлесімділік –

 

Ұжымдағы адамдар арасындағы тіл табысушылық, мұндағылардың өз ісінен рақат, ләззәт алу, бейжай болуына себепші болатын психологиялық көңіл- күй. Яғни мұғалім, оқушы, ата- ана арасындағы көзқарас пен сенім бірлігі, не оның әртүрлілігі, мүдделері мен мінез бітістерінің, темперамент ерекшелігінің қарама- қайшылығы да үйлесімділікке себепші болады.

 

 

 

 

БАЛАНЫҢ САБАҒЫН ҚАДАҒАЛАУ...

 

Оқушы тазалығын, мектеп формасын...

Сабақты себепсіз қалдырмауды...

 

 Бала тәрбиесі үшін  ата-ананың міндеттері:

•          Қамқорлық жасау

•          Мейірімділікке тәрбиелеу

•          Жылулық сыйлау

•          Қолдау көрсету

 

 «Біз бақытты жанұямыз!»

 

Алдын-ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар.

Талдау:

1. Өз балаңыздың суретін қалай таптыңыз?

2. Балаңыздың суретін табу қиын болды ма?

3.Балаңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?

 

Мен қуанамын...

Мен ренжимін...

Мен армандаймын...

Мен уайымдаймын...

 

 -   Мені еркелеткенде, мақтағанда, сыйлық бергенде;

-    Ата-анамыз әрқашан аман болып жүргенде;

-    Ата-анамыздың көңіл-күйлері көтеріңкі болғанда, мені еркелеткенде;

-   Менің анам қуанғанда мен де қуанамын;

-    Ата-анамның осы өмірде бар болғанына, бізге шуағын шашып жарық бергендеріне;

-    Маған күтпеген жерден сыйлық жасағанда;

-    Олармен бірге қонаққа барғанда;

-   Анам жұмыстан ерте келгенде;

-    Ата-анамның жалақысы көп болғанда;

-   Кішкентай болғанда мамам менің туған күніме басыма қалпақ кигізетін мен сонда қатты қуандым

           

- Ата-анам қиын жағдайға тап болғанда;

- Ата-анам мені кей жағдайларда дұрыс түсінбегенде;

-  Ата-анам кейде мені қолдамаған кезде;

-  Ата-анам менімен бірге ақылдасып, бірге шешім қабылдамаған кезде;

-  Ата-анам ұрысса, дауласса, ренжіссе;

- Мен “3”алып калғанда ата-анам ренжиді, ал мен өзіме ренжимін;

- Ешқашан ренжімеймін;

- Менімен серуендеуге шықпаса, маған көңіл бөлмесе ренжеймін;

- Маған еш себепсіз айқайлап ұрысқанда ренжимін;

- Олар бір жаққа кеткенде мені үйде қалдырады, мен ренжеймін;

 

- Кейде мені далаға шығаруға рұқсат бермейді;

- Әрқашан отбасымда аманшылық болғанын;

- Ата-анамның әрқашан жанымда болғанын, ұзақ өмір сүргендерін;

- Менің туған күнім күнде болса ғой;

- Ата-анамның махаббаттарының ешқашан ажырамағанын;

- Ата-анам жұмысқа  ешқашан бармағанын, маған үй жануарын сатып бергенін;

- Әкем командировкаға кетпесе екен;

- Ата-анам маған спорттық заттарды көп алып берсе;

- Әжемнің белі жазылып кетсе екен;

- Ата-анам әдемі киім киіп әрқашан әдемі болып жүргенін;

- Әкем машина сатып алып, анам банктің директоры болғанын;

- Ата-анам күшті жұмысқа тұрса ғой;

- Әкем мен анам әрқашан бірге болса екен.

-   Ата-анамның  бір-бірімен ренжісіп,көңіл-күйі лері болмаса;

-    Ауырып қалса;

-   Ата-анам менен қашықтықта болса келмей қала ма деп;

-    Осы жылғы оқуымды дұрыс аяқтай алмай, ата-анамды ренжітіп аламын ба деп;

-    Маған артқан үміттерін ақтай алмай қаламын ба деп;

-    Менің әкем бөтен адамдармен ұрысып қалғанда;

-    Анам мен әкемді ренжітіп алсам уайымдаймын;

-    Әжемнің жүрегі ауырғанда.

 

 

 

Оқушылардың бағалау әдістемелері:

“Сөйлемді аяқта” әдістемесі.

•          Мен өзімнің мұғалімімді жақсы көремін, себебі ол....

•          Мұғалім бұл-

•          Мен қалар едім мұғалімнің....

•          Мен мұғалімді тыңдаймын, себебі ол...

•          Маған мұғалімнің бойында ұнайтын қасиеті...

•          Маған мұғалімнің бойында ұнамайтын қасиеті...

 

Мен өзімнің мұғалімімді жақсы көремін, себебі ол....

Мұғалім бұл-

Мен қалар едім мұғалімнің....

Мен мұғалімді тыңдаймын, себебі ол...

Маған мұғалімнің бойында ұнайтын қасиеті...

Маған мұғалімнің бойында ұнамайтын қасиеті...

-   Тамаша кісі, бізді еркелетеді;

-    Өте мейірімді;

-   Ақылды;

-    Инабатты

-   Талапшыл;

-    Сабақты жақсы түсіндіреді;

-    Ең жақсы мұғалім;

 

-    Бізді күлдіртеді, басымнан сипайды;

-    Сабақты өте қызықты өткізеді;

-    Бізді бәрінен де жақсы оқытқысы келеді.

           

-    Екінші анамыз;

-     Сабақ;

-     Ең білгіш адам;

-    Асыл жан;

-     Ең жақсы адам, біз үшін әрқашан жауап береді.

           

-Өмірінде бәрі жақсы болғанын;

- Қатал болмағанын;

- Өмірі сәнді де, мәнді болғанын;

- Әдемі, қатал емес, күліп жүргенін;

- Жақсы баға қойғанын;

- Өмірі жақсы болғанын;

- Әрқашан әдемі, күлкінішті, біздің досымыз болғанын.

           

 

-    Шаршамасын, шашы ағармасын;

-     Себебі мұғалім жалғыз ал біз 31;

-    Өте жақсы кісі;

-     Сабақты жақсы түсіндіреді;

-     Мені тыңдайды, айғайламайды;

-     Себебі бізден жасы үлкен;

-     Мен үшін қымбат жан;

 

 Бізді әрқашан бауырына тартып жүреді

-Ұрыспайды;

-Маған күлімсіреп қарайды;

-Әдемі, жақсы адам;

-“5” қойғанда ұнайды;

-Әділ де шыншыл адам;

-Мені мақтайды;

-Әрқашан көңілді болып жүреді;

-Бізбен бала сияқты ойнайды;

-Біз қателессек те бізді кешіреді, кешірімді жан;

 

-Сабақты күшті түсіндіреді.

-  Кейде қатал болғанда;

-   Ұрысқанда, біз туралы ренжіп айтқанда.

-   “2” қойғанда;

-   Сабаққа келмей қалғанда;

-   Мен қол көтерсем де менен сабақ сұрамағанда;

-   Көңіл- күйі жоқ болғанда;

 

 

 

Кінәлі сөздер...

Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің.

Неге сен басқа балалардай емессің?

Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір-кір.

Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың.

Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады.

 

Ата-аналар осы сөздерді былай алмастыруына болады:

«Сенің де қолың өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді. Оқу озаты немесе оқу екпіндісі боласың» - деп, үміт артуы керек.

 

«Сенің де басқалардан өзгеше болуына құқығың бар, сенің де қолыңнан келеді» - деп, сенім артуы керек.

«Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр » - деп, баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек.

«Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, сондықтан жаман қылық жасама».

«Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің. Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз болуды арманда » және ата-анасын сыйлау керек екенін айтып отыру керек.

Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөзі де,- баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес.

 

Балаларға сұрақтар:

- Анаңның  сүйіп  жасайтын  жұмысы не?

-Анаңның  туған күні  қашан?

-Үйдегі  адам  саны  қанша?

-Бауырың  неше  жаста?

- Үйде  ыдысты  кім  жуады?

-Үйді  кім  жинастырады?

-Таңертең  сені  кім  оятады?

-Әкеңнің туған  күні  қашан?

Ата – аналарға сұрақтар:

-Балаңыздың туған  күні  қашан?

-Балаңыздың  ең  жақын  досы  кім?

-Балаңыздың  оқитын  кітап- журналдарын  атаңыз?

-Бос  уақытын қалай  өткізеді?

-Балаңыздың  үйдегі  сүйікті  ісі?

-Балаңыз  қай  пәнді  жақсы  көреді?

-Балаңыздың  арманы  не?

 

-Балаға  үлгі  болатын  адам кім?

•          Бүгін сіз өзіңізге   тиімді қандай мәлімет алдыңыз?

•          Ең күтпеген жағдай  не сіз үшін?

•          Бүгінгі  тренинг барысында  қандай  сұрақтар, тілектер туындады?

 

Ұсыныс:

- Ата-ана, оқушы, мұғалім арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында психологиялық- педагогикалық  іс-шараларды тиімді, жаңашыл формада ұйымдастыру;

- Гимназияішілік арнайы бағдарламамен жүйелі түрде жұмыс жасайтын әлеуметтік - психологиялық  ата-аналар орталығын ашу.

 

 Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

 

Мақсаты:

     Үлгерімі төмен оқушыларды анықтау,  педагогикалық қолдау көрсету, алдын алу  тәсілдерімен ақпараттандыру және мінез-құлық ерекшеліктері мен  жұмыс түрлеріне кеңес беру.

Мини семинар бағдарламасы:

• Шағын дәріс: «Үлгерімі төмен оқушыларға анықтама және олардың үлгермеуінің ішкі және сыртқы себептері»

• Жаттығу:  «Ең үздік сұрақ»

 

• Сұхбат: «Үлгермеуші оқушыларға сабақ үрдісінде  және сабақтан тыс уақыттарда қолдау көрсету тәсілдері»

• Жаттығу: «Шеңбер бойынша  әңгімелеп беру»

• Сұрақ-жауап:  «Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүйесін  қалай ұйымдастыруға болады?»

•  Педагогикалық жаттығу: «Ең бастысы»

•  Психологиялық ойын: «Қолма-қол фото»

•  Кеңес беру: Оқығысы келмейтін оқушылармен жұмыс

• Оқу мотивациясын жоғарылатуға  арналған жаттығу: «Пиктограмма немесе адамдар»

 

Ұсыныстар

Үлгермеушілік -  бұл  арнайы бағдарламаға сай , белгілі уақыт аралығына  жүктелген білім көлемін оқушының қанағаттанарлық деңгейде меңгермеуі.

Үлгермеушіліктің себептері

Белгілі психолог Ю.К.Бабанский мен В.С.Цетлин үлгермеушіліктің екі себебін анықтады:

Сыртқы себеп –бұл себепке білім берудің қоғамдағы әлеуметтік құнын жоғалтуы, ағымдағы білім беру жүйесінің тұрақсыздығын жатқызуға болады.

Ішкі себеп –білім беруді ұйымдастырудағы ақаулықтар, балалардың денсаулығында байқалатын кемшіліктер және бала түйсігінің өте баяу дамуы ішкі себептерге жатады.

 

Үлгермеушіліктің себептері:

 

Оқу мотивациясын жоғарылатуға  арналған жаттығу: «Пиктограмма».  Ортаға 3 ата-ана , 3 оқушы шақырылады.

 

—Қатысушыларға есте сақтауға сөздер және сөз тіркестер қатары беріледі. Сөздер оқылғаннан кейін оқушылар  сөзге байланысты қағазға кез-келген суретті салады. Өзіне тиесілі сөзді немесе сөз тіркесін еске түсіретіндей болуы керек. Әр сурет нөмірленеді. Жеке әріптер немесе сөйлемдер жазуға рұқсат етілмейді. Сөздер аралығы 30 секундтан, еске түсіру суреттерін таңдау уақытпен шектеледі.

Сөздер мен сөз тіркестері:

-— Көңілді мереке

—- Ауыр жұмыс

-— Даму

—- Дәмді кешкі ас

—- Батыл қадам

—- Дерт

   - Бақыт

   - Достық

  - Қараңғы түн

-— Мұңаю

-— Материалды ауызша айту  30-40 минуттан соң беріледі. Қатысушыларға суретіне сәйкес  сөздерді немесе сөз тіркестерін еске түсіру ұсынылады.  Бағалау үшін дұрыс қайта жаңғыртылған жауаптар саны есептеледі.

 

Үлгермеушіліктің көріну сипаты және себептері:

 

 Педагогтарға қойылған сұрақтар нәтижесі:

 Оқушылар сабаққа қаншалықты көңіл бөледі?

Жауаптары:

 

—  Бір-екі оқушы болмаса,  басқасы өте төмен;

    Жеткілікті дәрежеде емес;

    Сабаққа көңіл бөлген болады, бірақ нәтижесіз;

       Онша емес;

           60 % - ғана көңіл бөледі.