Размер шрифта:

Құрметтi ұстаздар! Сiздердi кәсiби мерекелерiңiз- мұғалiмдер күнiмен құттықтаймын!

Дата: 2013-10-29 13:02:16

Құрметтi ұстаздар!

Сiздердi кәсiби мерекелерiңiз- мұғалiмдер күнiмен құттықтаймын!

                Жас ұрпақа саналы бiлiм, сапалы тәрбие берудегi Сiздердiң еңбектерiңiз зор. өмiр жолына қадам басқан әрбiр жас ұстаздардың алдынан өтедi. Қолына қалам алып, алғашқы бiлiмiн Әлiппеден бастайды. Әр балаға терең бiлiм, олардың саналы азамат болып қалыптасуына мұғалiмдер үзбей творчествалық iзденiсте жүредi. Атақты педагог Макаренко: «Қырық жыл бұғалiм болса да сабақа дайындықсыз келген мұғалiм, мұғалiм емес» деп айтқандай мұғалiмдерге бүгiнгi таңдағы жүктелер мiндеттер де өте жауапты.

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

 Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазiргi заман ғылыми- техникалық прогрестiң ең жоғарғы даму сатысына аяқ басқан кезең. Барлық мектептер компьютермен жарақталған. Интерактивтi мұғалiмдер жұмыс iстеуде. Интернеттiк жүйе бүгiнде әр үйде бар. Баланың ой- өрiсiнiң дамуыда өз заманына сай бейiмделуi қажет. Мiне, сондықтан мұғалiмдердiң бiлiмiн күнделiктi көтерiп отыруларын уақыттың өзi талап етуде. Келешек қоғамның жаңа адамдарын тәрбиелеудегi ғылымдағы жетiстiктерiдi игеру, жастардың бiрiн- бiрi сыйлау, адамгершiлiктi сiңiру, бауырмашылдықты қалыптастыру бiлiктi де бiлiмдi ұстаздардың ғана қолынан келедi.

«Тарыдай боп кiресiң, таудай болып шығасың» деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай ұстаздар қауымы келешекте де ұрпақ тәрбиесiне ерекше маңыз берiп, жоғары талап деңгейiнен көрiнулерi керек. Бiлiмдi де жан- жақты қалыптасқан азаматтарды тәрбиелеу баршамыздың абройлы iсiмiз.

Қадiрмендi ұстаздар!

Сiздердiң творчествалық еңбектерiңiзге табыс тiлей отырып, жанұяларыңыздың аман, денсаулықтарыңыздың мықты болуына тiлектестiк бiлдiремiн.

Мереке құтты болсын!