«Кітап – баланың ең жақын досы» атты викториналық ойыны лагерь балаларына ұйымдастырылды.

Дата: 2018-07-20 14:36:32
«Кітап – баланың ең жақын досы» атты викториналық ойыны лагерь балаларына ұйымдастырылды.

Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Балаларға кітаптың шыққан тарихы жайлы, «Кітаппен болашаққа» атты  слайд көрсетілді. Балалар ертегілер еліне саяхат  жасады, мақал – мәтелдер айтты, жұмбақтар шешті, «Науқас кітаптарды» емдеді, викториналық сұрақтарға жауап берді. Көптеген пайдалы мәліметтер ала отырып, өз пікірлерімен бөлісті. Барлығы белсенді қатысты, өз ойларын еркін жеткізді, қызығушылықтары байқалды