Салауатты өмір салтын сақтаймыз» атты эстафеталық жарыс өтті.
Дата: 2018-07-20 14:10:52
Мақсаты: Оқушылар спорттық ойындарды ойната отырып спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Эстафеталық сайысқа қатысушылар «Қыран» және «Тарлан» болып екі топқа бөлінді. Ең алдымен сайыс басталмас бұрын жүргізуші сайыстың бөлімдерімен және ережелерімен таныстырып өтті. Жүргізушінің белгісінен кейін «Менің командам» атты бөлімде командалар өздерін топ аттарын, ұрандарын, эмблемаларын таныстырып өтті. «Эстафета» атты сайыста топ мүшелері мәреден бастап кедергілер арқылы жүгіріп өтіп, белгіленген жерге дейін барып, қайтып келіп эстафетаны келесі топ мүшесіне берді. «Секіру сайысында»қатысушылар допты секірте отырып кедергілер арасынан өтіп, секіртпемен 10 рет секіріп қайтып орынына келді. Бұл кезеңдеде екі топта бір – бірінен қалыспай жарысты. Одан кейінгі бөлімде команда басшылар қолкүрестірді. Бұл сайыста тарлан тобы жеңіске жетті.«Жорғалау сайысында»ереже бойынша қатысушылар жүрелей жүгіріп кедергілер арасымен өтіп кезекті келесі ойыншыға берді. Келесі ойыншы жүрелей отырып кедергілер арасымен жүгіріп өтті. Ал команда басшылары арқасымен төрт аяқтап кедергілер арасынан жүріп өтті. Осылайша сайысымыз «Би» өнерін тамашалайтын сәтке келіп жетті және әр халықтың биін билеуден екі топта қалыс қалмады. Соңында әділқазылар әділ шешімімен екі топтың жинаған ұпай саны тең түсіп достық жеңгенін хабарлады