Қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы №2
Өтетін күні: 11.12.2017 ж
Қатысқандар:Сейсембеков Б.А – қамқоршылық кеңесінің төрағасы
Қеңес мүшелері:
Омаров А.А
Ыкыласбеков Қ.Қ
Сембин Ж.Қ
Джангутиев Ж.Т
Огай В.В
Репченко Е.А
Жапенова И.С
Сычева В.В
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнін өткізуге қатысу
2. Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында бекетте мұз айдынын жасау
3. Теміржол ұйымы жұмыскерлерінің балаларына жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастыру
1.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңес төрағасы Б.А.Сейсембеков сөз алып, отырысқа қатысушыларды алдағы жоспарланған күн тәртібімен таныстырды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай жоспарланған іс-шаралармен таныстырып, қамқоршылық кеңес мүшелеріне міндеттерін жүктеді. Мектеп оқушыларының көмегімен 16 желтоқсан мерекесіне орай концерттік бағдарлама ұйымдастырып, теміржолшыларды құттықтауды ұсынды.
2. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі А.К.Мусина сөз алды. Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында қыс мезгілінде бекеттегі кортта мұз айдынын жасап берулерін өтінді. А.Қ.Мусинаның ұсынысы бойынша қамқоршылық кеңес төрағасы Б.А.Сейсембеков сөз алып, осы аталмыш жұмысты орындауға өз мойнына алып, 5 күндік жұмыс күнінде қолға алуды жоспарлайтындығын айтты.
3. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша кеңес мүшесі А.А.Омаров сөз алды. Теміржол ұйымының балаларына жаңа жылдық көңіл-күй сыйлауда , жаңа жылдық ертеңгілікті ұйымдастырып берулерін мектеп ұжымынан сұрады. Айтылған ұсыныс бойынша ТІМ А.К.Мусина сөз алып, жаңа жылдық ертеңгілікті өткізіп беретіндіктерін айтты.
Қаулы етті:
- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай теміржолшыларға концерттік бағдарлама және теміржолшыларбың балаларына жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастыру А.К.Мусинаға жүктелсін;
- Мектеп оқушылары және бекет тұрғындарының қыс мезгілінде салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мұз айдынын жасауды өз мойныма аламын;