Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгін 1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күні. Мемлекетіміздегі жоғарғы лауазым президенттік қызмет елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет. Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы, мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады. Бұл біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттігімізді орнатып оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ сіздер жақсы білулеріңіз тиіс.