«Балауса» лагерінде дұрыс тамақтануды насихаттау мақсатында «Тиімді және үйлесімді тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбында өткен әңгімелесу сабағы туралы ақпарат
Мақсаты:Оқушыларды дұрыс тамақтанудың алтын ережелерімен таныстыра отырып, өзіндік ой-пікірін кеңейту. Салауатты өмір салтын ұстанудың алғышарты ретінде дұрыс тамақтану негіздерін дәріптеу.
2 маусым күні «Балауса» мектеп жанындағы лагерінде дұрыс тамақтануды насихаттау бойынша әңгімелесу сабағы өткізілді. Ең алдымен оқушылардың тамақтану нормалары және ережелері бойынша ақпараттық стенд жасалып, таныстырылды. Бұл стендіде нақты тамақтану пирамидасы, пайдалы тағамдар мен зиянды тағамдар, олардың құрамы мен каллориялығы жайында деректер болды. Әңгімелесу барысында оқушылар салауатты өмір салтын ұстану қағидаларын және зиянды заттардан бойын аулақ ұстаудың ережелерімен танысып өтті. Сондай-ақ оқушылар өзара қарым-қатынас пен бірізділіктің негізі ретінде бір-бірімен ақпарат алмасты, көптеген сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Дұрыс тамақтану да салауатты өмір салтының бір қағидасы екендігіне тағыда бір мәрте көз жеткізді. Сонымен қатар «Денсаулықтың негізі - дұрыс тамақтану» тақырыбында медбике А.К. Бажбенованың қатысуымен тікелей сұхбат жүргізілді. Оқушылар өз тараптарынан түрлі сұрақтар қойып, пікір алмасты. Медбике Бажбенова А.К. сөз соңында оқушыларға түрлі буклеттер мен пайдалы кеңестердің үндеу парақшаларын таратты. Онда оқушылар қазіргі көп тұтынатын «кола», «спрайт» сияқты газдалған сусындардың зияны жөнінде түрлі мамандардың ойлары жазылған. Жеуге болмайтын зиянды заттар жайлы және оның құрамы жайында толықтай мағлұмат берілді.