№24 орта мектебіндегі «Балауса» мектеп жанындағы балалар демалыс орталығында «Денсаулық фестивалі» кең ауқымды акциясы аясында жүргізілген іс – шаралар туралы ақпарат
Дата: 2016-06-19 12:48:44
6 және 11 маусым аралығында қазақстандықтардың арасында саламатты өмір салтын танымал ету және қалыптастыру мақсатында «Денсаулық фестивалі» кең ауқымды акциясы өткізілді. Аталған акция«Біз - саламатты өмір салты үшін!» ұранымен «Балауса» мектеп жанындағы балалар демалыс лагерінде де өтіп, барлық балалар мәдени-спорттық іс-шараларға ат салыса қатысты. Түрлі жаттығулар, флэшмобтар, эстафеталар,спорттық ойындар ұйымдастырылды.«Салауатты өмір салтын сақтаймыз!» атты эстафеталық жарыс болды. Мақсаты: Оқушылар спорттық ойындарды ойната отырып спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Эстафеталық сайысқа қатысушылар «Қыран» және «Тарлан» болып екі топқа бөлінді. Ең алдымен сайыс басталмас бұрын жүргізуші сайыстың бөлімдерімен және ережелерімен таныстырып өтті. Жүргізушінің белгісінен кейін «Менің командам» атты бөлімде командалар өздерін топ аттарын, ұрандарын, эмблемаларын таныстырып өтті.«Эстафета» атты сайыста топ мүшелері мәреден бастап кедергілер арқылы жүгіріп өтіп, белгіленген жерге дейін барып, қайтып келіп эстафетаны келесі топ мүшесіне берді. «Секіру сайысында» қатысушылар допты секірте отырып кедергілер арасынан өтіп, секіртпемен 10 рет секіріп қайтып орынына келді. Бұл кезеңдеде екі топта бір – бірінен қалыспай жарысты. Одан кейінгі бөлімде команда басшылар қол күрестірді. Бұл сайыста тарлан тобы жеңіске жетті. «Шеңбермен айналу» ереже бойынша қатысушылар белгіленген жерге жүріп келіп, шеңберді он рет айналып, кезекті келесі ойыншыға берді. Келесі ойыншы шеңберді айналып, кедергілер арасымен жүгіріп өтті. Осылайша сайысымыз «Би» өнерін тамашалайтын сәтке келіп жетті және әр халықтың биін билеуден екі топта қалыс қалмады. Соңында әділқазылар әділ шешімімен екі топтың жинаған ұпай саны тең түсіп достық жеңгенін хабарлады.Сонымен қатар жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын түсіндіру және салауатты өмір салтын ұстануға қалыптастыру мақсатында «Дені саудың – жаны сау» тақырыбында бейнефильм көрсетілді. Бейнефильм көрсету барысында жалпы адамзат баласы дені сау болу үшін не істеу керек, қандай жағдайлардан аулақ болу керек, қалай тамақтану керектігі туралы айтылды. Сонымен қатар оқушылар салауатты өмір салтын ұстану қағидаларын және зиянды заттардан бойын аулақ ұстаудың ережелерімен таныс болды. Соңында бейнефильм барысында қандай ақпарат маңызды болғандығы және естерінде қалғандығы туралы кері байланыс жүргізілді.
Оқушыларды дұрыс тамақтанудың алтын ережелерімен таныстыра отырып, өзіндік ой-пікірін кеңейту, салауатты өмір салтын ұстанудың алғы шарты ретінде дұрыс тамақтану негіздерін дәріптеу мақсатында лагерде дұрыс тамақтануды насихаттау бойынша әңгімелесу сабағы өткізілді. Ең алдымен оқушылардың тамақтану нормалары және ережелері бойынша ақпараттық стенд жасалып, таныстырылды. Бұл стендіде нақты тамақтану пирамидасы, пайдалы тағамдар мен зиянды тағамдар, олардың құрамы мен каллориялығы жайында деректер болды. Әңгімелесу барысында оқушылар салауатты өмір салтын ұстану қағидаларын және зиянды заттардан бойын аулақ ұстаудың ережелерімен танысып өтті. Сондай-ақ оқушылар өзара қарым-қатынас пен бірізділіктің негізі ретінде бір-бірімен ақпарат алмасты, көптеген сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Дұрыс тамақтану да салауатты өмір салтының бір қағидасы екендігіне тағыда бір мәрте көз жеткізді. Сонымен қатар «Денсаулықтың негізі - дұрыс тамақтану» тақырыбында медбике А.К. Бажбенованың қатысуымен тікелей сұхбат жүргізілді. Оқушылар өз тараптарынан түрлі сұрақтар қойып, пікір алмасты. Медбике Бажбенова А.К. сөз соңында оқушыларға түрлі буклеттер мен пайдалы кеңестердің үндеу парақшаларын таратты. Онда оқушылар қазіргі көп тұтынатын «кола», «спрайт» сияқты газдалған сусындардың зияны жөнінде түрлі мамандардың ойлары жазылған. Жеуге болмайтын зиянды заттар жайлы және оның құрамы жайында толықтай мағлұмат берілді.«Денсаулық фестивалі» кең ауқымды акциясы аясында «Дені сау ұрпақ – Қазақстанның болашағы» тақырыбында флэшмобтар ұйымдастырылды. «Біз - чемпиондармыз» тақырыбында командаға бөлініп балалар футбол ойнады. Күнделікті таңертең «Дені саудың – жаны сау» ұранымен дене шынықтыру жаттығулары жасалды.