4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған іс – шара туралы ақпарат

Дата: 2016-06-05 19:50:17
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған іс – шара туралы ақпарат

№24 орта мектебінде 4 маусым күні мектеп жанындағы «Балауса» демалу лагерініңоқушыларымен «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышым» атты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған іс – шара болып өтті. Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының рәміздері туралы мағлұматтар беру. Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру. Әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы білімдерін, ой – өрістерін, сана – сезімдерін дамыту. Оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеу. Меркелік іс – шара басталмас бұрын оқушылар шаттық шеңберіне тұрып әр түрлі сұрақтарға қимыл – қозғалыстары арқылы жауап берді. Одан кейін тәрбиешілер тарапынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат берілді. «Рәміздерім - мақтанышым» тақырыбында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің шығу тарихы және рәміздердің әр азаматтың өмірінде алатын орыны, әр рәміздің өзіндік ерекшелігі туралы бейнефильм көрсетілді. «Балауса» үгіт – насихат тобы Егемен еліміздің рәміздері туралы жеке – жеке ақпарат беріп, көрсетілген бейнефильмді толықтыра түсті. Оқушылардың зеректігін, алғырлығын, жылдамдықтарын дамыту мақсатында «Кім жылдыам ?»ойыны ойнатылды. Бұл ойында Отан, туған жер туралы мақал – мәтелдер атылып, оқушылар жалғасын тауып өздерінің халық даналығы мақал – мәтелдер жайлы білетіндерін ортаға салды. Әр бір дұрыс жауап берген балаға лагеріміздің эмблемасы бейнеленген ұпай қағаздары таратылып, соңында көп ұпай жинаған оқушы сыйлықпен марапатталды. «Алға, Қазақстан!» әніне меркелік көңіл – күй онату мақсатында оқушылар флэшмоб билей отырып, өздерінің би өнерінен де құр алақан еместігін көрсете білді. Бүгінгі іс – шара барысында алған ақпараттарын және өздерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін «Танымдық ойында» ортаға салды. ойын барысында көп ұпай жинап және белсене қатысқан оқушылар дәптер, қалам, қарындаш сияқты сыйлықтармен марапатталды. Іс – шара соңында лагерь оқушылары және ұстаздар мектебіміздегі Мемлекеттік Рәміздер бұрышының жанында тұрып гимн шырқады.